+7 (727) 267-28-83

бабалар гл21 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл еңбекте исламның Қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен сал-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары мен иман негіздері, сондай-ақ мұсылмандық әдеп жоралғылары қамтылған. Кітап дін саласының мамандарына, тарихшылар мен зерттеушілерге, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған.

Іс-шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының инновация жөніндегі орынбасары, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр Еділбайұлы жүргізді.

Кіріспе сөз ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына және жаңа басылымымен таныстырған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына берілді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев; Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов; Қазақстанның халық жазушысы, ҚМДБ Ақсақалдар алқасының мүшесі, жазушы Смағұл Елубай; тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелді; «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди; ҚМДБ Ақсақалдар алқасының мүшесі Марат Тоқашбаев; «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының директоры Керім Шамшәдин.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасы қорына және Дін және дәстүр залына “MUFTIYAT” баспасынан жарыққа шыққан біршама кітаптарды сыйға тартты.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар, имамдар және т. б.

бабалар1   бабалар4   бабалар5   бабалар8
бабалар3   бабалар6   бабалар2   бабалар7