+7 (727) 267-28-83

аруларға гл2024 жылғы 6 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аруларға жарасады еркелік» атты кеш өтті.

Шараның модераторы ақын, «Жаса қалам» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан.

Шара аясында ақын қыздар: Әсел Оспан, Гүлманат Әуелхан, Ақгүл Айдарбекқызы, Фариза Исаева, Айгерім Төкен, Жұлдыз Тоқтарбай авторлық өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Аруларға жарасады еркелік» атты кітап көрмесі қойылды.

Кештің мақсаты – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аяулы аналар мен аруларға құрмет көрсету.

Шараға студенттер, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

аруларға 1   аруларға 2   аруларға 3
аруларға 5   аруларға 4   аруларға 6