+7 (727) 267-28-83

   Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 01.09.2021 ж. бастап күнтізбелік оқу жылына дуалды  білім беру туралы шарт жасасты.

   Дуалды білім берудің негізгі мақсаты Университеттегі «Кітапхана ісі» бағдарламасы бойынша студенттердің алып жатқан кәсіби білімдерін  сапалы игерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында кітапхана жұмысының қыр-сырына тәжірибе жүзінде машықтандыру болып табылады.

   Осы Келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында орыс және қазақ бөлімдерінің 2-ші және 3-ші курс студенттерімен сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сабақтар өткізіледі. Сабақ тақырыптары: кітапханалық-ақпараттық қызмет менеджменті; кітапханалық және ақпараттық технологиялар; кітапханалық жарнаманың теориясы мен тәжірибесі және т.б.

   Оқытушы, магистр Байдарова Айзада Қыдырбайқызы оқу кезеңінде теорияны тәжірибемен ұштастырады және оқушыларды кітапхана қызметінің: анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету, ақпараттық ресурстар қызметтерінің, оқырмандарды тіркеу бөлімінің және т.б. жұмысымен таныстырды.

   Библиограф, кітапхана ісінің ардагері Байбосынова Алтынкүл Таңқықызы дуалды білім беру жүйесі аясында жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында шеберлік сағатын өткізді. Студенттер библиография саласындағы қызықты және пайдалы ақпаратты тыңдап, өзекті сұрақтарға жауап алды.

мастер_класс_на_каз.яз.pdf

«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттеріне арналған кәсіби әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.

Дуальды білім беру