+7 (727) 267-28-83

   ҚР Ұлттық кітапханасы 1992 жылы құрамында әлемнің 150 елінен 1680-ге жуық ұйым бар  Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен мекемелері федерациясының (IFLA) толық құқықты мүшесі болды. IFLA кітапхана ісінің озық және инновациялық идеяларын шоғырландырады, кәсіби қарым-қатынас  жасайды және  тәжірибе алмасады, интеграцияның жүйелік міндеттері мен мақсаттарын шешеді. Шет елдегі әріптестеріміз Қазақстан кітапханалары жайында 1992 жылы Нью-Делиде өткен ИФЛА-ның Бас сессиясында Р.А.Бердіғалиеваның (ҚР ҰК 1987-2003 жылдардағы директоры) «Қазақстанда кітап оқудың этноәлеуметтік мәселелері» тақырыбында жасаған баяндамасынан естіп білді. 1995 жылдың ақпанында ҚР ҰК бастамасымен Алматы қаласында ИФЛА-ның Атқарушы бюросының көшпелі сессиясы ұйымдастырылды, оның жұмысына президент Роберт Вейджворт және бас хатшы Лео Фогт қатысты.

   ҚР Ұлттық кітапханасы ИФЛА-ның жыл сайын өтетін Бас конференциясының тұрақты қатысушысы. ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Г.Қ.Балабекова 2011 жылы IFLA-ның  «Библиография» секциясының тұрақты комитетінің мүшелігіне  сайланды.

   2012

   2013

   2014

   2015

   ИФЛА сайты – http://www.ifla.org/