- Подробности
- Автор: editor
Құрметті әріптестер! «Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының екінші саны оқырмандарына жол тартты.
Журнал Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы туралы ақпаратпен және ҚР Ұлттық кітапханасында ашылған «әл-Фараби» ғылыми орталығына аңдатпамен ашылған. Сондай-ақ, онда су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтарал ауданы «Жеңіс» ауылының тұрғындарына көрсетілген гуманитарлық және материалдық көмек туралы мәлімет берілген.
- Подробности
- Автор: editor
«Дара тұлғалар дауысы» жобасы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан: ақын Тұманбай Молдағалиевтің өзі оқыған «Алматауда, ақ қайыңның ішінде» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.
- Подробности
- Автор: editor
22 шілдеде Қазақстандық Кітапханалық Одағы мен ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған медиасауаттылық және мультимедиа жөніндегі республикалық онлайн-сабақтар циклі аясында «Интернеттегі қауіпсіздік ережелері және жеке ақпараттық қорғау» атты кезекті сабағы өтті. Коуч-тренерлер: Голубцова Т., журналист, «Выбирай» журналының бас редакторы, медиатренер, Дүйсебаева Д.Т., Л.Н.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒҚ директоры.
- Подробности
- Автор: editor
«Дара тұлғалар дауысы» жобасы аясында Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан: ақын Фариза Оңғарсынованың өзі оқыған «Айналайын ауылдың адамдары-ай!» өленің назарларыңызға ұсынамыз.
- Подробности
- Автор: editor
14 шілдеде Қазақстандық Кітапханалық Одақ және ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған республикалық онлайн-сабақтар циклі аясында кезекті «Фактчекинг негіздері» тренингі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтар мен кітапхана ардагерлерінің отбасыларына және туған-туыстарына көңіл айта отырып, ауыр індеттен құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.