+7 (727) 267-28-83

73029845 eeb4 4b53 a5ac edc6258f82f1

28 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына күрд тілінің оқытушысы Ахмедова Гүлнар Сұлхадинқызы өзінің "Күрд тілінің әліппесі" атты кітабын сыйға тартты. 

Толығырақ...  

1мамыр

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының депозитарийі жанынан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтың қуаты – бірлікте» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

c4329c99 84f9 444c 91bd 23e173afb10e

27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында елімізге танымал археолог ғалымдар Аслан Мамедов, Сергей Гуцалов және Арман Бисембаевтың авторлықтарымен «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» сериясы аясында баспадан шыққан «Жем өзені алқабының ежелгі және орта ғасыр көшпелілерінің жерлеу кешендері (Орқаш-І, Жағабұлақ І, ІІ қорымдарының материалдары негізінде)» атты ұжымдық монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

1b1d3cea 19b9 4f86 bfd7 d1de778212d7

27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына жыршы, Жетісу жыршылық мектебін жалғастырушы, фольклор жинаушы, әрі кәсіби заңгер  Әбіш Әділбек «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі = Poetries saga – memorials the nation = Слова жырау – зеркало истории»  атты қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.

Толығырақ...  

кожеке

Өнер бөлімінің оқу залында қазақтың белгілі күйші-сазгері Қожеке Назарұлының 200 жылдығына орай «Жетісу күй өнерінің қайнар көзі – Қожеке Назарұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

курмангазы

Өнер бөлімінің оқу залында белгілі композитор, домбырашы, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Қайталанбас өнер иесі, ұлы күйші - Құрманғазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

динара

25-26 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Дуйсенбаева Динара Қабдешқызы Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында өткен «Болашақ ұрпақ үшін тарихи шындықты сақтайық» атты Халықаралық жастар форуымына қатысты.

Толығырақ...  

bba9b259 a403 45e0 9c6c 38f140532c4f25 сәуірде Н. Дәулетова атындағы залда көрнекті қазақ жазушысы, қазақ интеллектуалды прозасының ірі өкілі, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академияның академигі, «Парасат» орденінің иегері, Атырау қаласы мен Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Рахымжан Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.

Толығырақ...