+7 (727) 267-28-83

Сөз және бейне

9-10 қазан күндері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда Ресей бірлестігінің қолдауымен Мәскеудегі гуманитарлық білім және тестілеу институты ұйымдастырған «Сөз және бейне» орыс өнері мен әдебиеті тарихына арналған тәрбиелік іс-шаралар сериясының ашылуы өтті. Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Барманашева Ж., Аширова Ф., Шамишова Г. және Мухарам А. қатысты.

Толығырақ...  

Х1

8 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда елімізге белгілі қытайтанушы, тарихшы, синолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Хафизова Клара Шайсұлтанқызы өзінің жеке кітапханасының коллекциясын кітапхана қорына тапсыру рәсімі өтті.

Толығырақ...  

Әдебиет академиясы

8 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Әдебиет академиясы залының салтанатты ашылуы өтті.

Толығырақ...  

БАТ

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ө.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстаның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың 100 жылдығына арналған «Тұғыры биік, ғұлама ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Толығырақ...  

Кәсіподақ

Биылғы Бастауыш Кәсіподақ ұйымы жылы аясында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауын жариялаған болатын.

Толығырақ...  

цифрлы

8 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына тарих ғылымдарының докторы, профессор, ежелгі түркі тарихын, Тан Қытай елінің мәдениеті мен тарихын, ұйғыр және қытай историографиясын, диаспорологиясын зерттеуші Камалов Аблет Каюмович «Тюрки и иранцы в Танской империи» кітабын табыстап, туындыны Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана порталына орналастыру туралы келісімшартқа қол қойды.

Толығырақ...  

ДЖ

Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстанның халық әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, актер, режиссер, сценарист, продюссер Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдығына арналған «Алтайдан түлеп ұшқан хас өнерпаз Досхан Жолжақсынов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

ЕТ

7 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда қазақ театр өнеріне 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан белгілі режиссер, драматург, тарихшы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ерсайын Төлеубайдың үш томдық жинағының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...