+7 (727) 267-28-83

СБ11111

5 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қанат қаққан «Атамекен» ақпараттық-танымдық бірлескен экспедициясын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Толығырақ...  

5қазан

5 қазан, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Л.Б.Абдрахманова мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі А.Н.Шуленбаева ZOOM бағдарламасы арқылы Ы.Алтынсариннің әдеби мұрасын зерделеу, насихаттау мақсатында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы өткізген «Білімнің жағып шырағын...» атты облыстық вебинарға қатысты.

Толығырақ...  

тіл

1 қазан, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толуына орай дайындалған ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевтің «Тіл және тұлға» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

зум

29 қыркүйек, сағат 14:30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ZOOM тұғырнамасы арқылы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай онлайн-форматта ұйымдастырған «Ы. Алынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты халықаралық конференциясы ауқымында "Ы. Алтынсарин мұрасын зерттеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы секциялық жұмысына қатысты.

Толығырақ...  

зум28

28 қыркүйек, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының онлайн-форматта ұйымдастырған «Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Толығырақ...  

3томдық

28 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті О.Досбосынов атындағы ақындар орталығының жинақтауымен жарыққа шыққан қазақ айтыс өнерінің оғыланы Оразалы Досбосыновтың үш томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

Қазақр

27 қыркүйек күні «Қазақ радиосына» 100 жыл және «Шалқар» радиосына 55 жыл толуына орай ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде «Алматыдан сөйлеп тұрмыз...» атты радионың ғасырлық тарихынан сыр шертетін көне құжаттар мен суреттер көрмесі ашылып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Толығырақ...  

2409

24 қыркүйек, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ауған соғысы: тарихы, тәжірибесі және жаңа көзқарас» атты конференция өтті.

Толығырақ...