- Подробности
- Автор: editor
17 ақпан күні «Орхон» баспа үйінің басшысы Айдосова Жәмила Парсаханқызы өзінің ықыласымен ҚР Ұлттық кітапханасының қорына әлемнің үздік кітаптары аясында жарық көрген Қытай елінің жазушысы Иын Жянлидың «Ақылды ана. Отбасы хрестоматиясы», қытай тілінен аударылған «Таң дәуірі поэзиясы. Үщ жүз өлең», Пәкістандық зерттеуші ғалым Иштиақ Құсайын Құрешидің «Пәкістан үшін күрес» атты құнды кітаптарының бірнеше данасын сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
ҚР Ұлттық кітапханасының Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық кітапхана Тәуелсіздік дәуірінде» атты көрме ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
Мерзімді басылымдар оқу залында толықмәтінді мәліметтер қорларына (МҚ) және соңғы үш жылдағы (2018-2021 жж.) республикалық, облыстық газет-журналдардың электрондық ресурстарына ашық қолжетімділік ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, әндердің аудиотранслациясын назарларыңызға ұсынамыз
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан!» атты көрме ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған, ақын өлендерінің аудиотранслациясын назарларыңызға ұсынамыз
- Подробности
- Автор: editor
15 ақпан күні Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы – НАРХОЗ университеті «Құқық және мемлекеттік басқару» Мектебі «Құқық» ғылыми - білім беру департаментінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты ҚР Ұлттық кітапханасына арнайы келіп, «Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау» атты кітабының бірнеше данасын кітапхана қорына құрметпен сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
12 ақпан күні сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне орай өткізілген оркестрдің мерекелік концертіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Тәуелсіздік ˗ мәңгілік елдің тұғыры» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.