+7 (727) 267-28-83

02.03.2021 - 04.03.2021

Название:
4 наурыз сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында кәсіби дипломат, елші, арабист, экономист Болатхан Құлжанұлы Тайжанның 80 жылдығына орай еске алу кеші  өтеді.
Дата:
02.03.2021 - 04.03.2021
Расположение:

Описание

 БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

4 наурыз сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында кәсіби дипломат, елші, арабист, экономист Болатхан Құлжанұлы Тайжанның 80 жылдығына орай еске алу кеші  өтеді.

Болатхан Тайжан Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда  және  еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуда  және  ұлттық мүдделерімізді  ілгерілетуде үлкен рөл атқарған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры.

1970-1974 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1974-1975 ж. Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрлігінде Бас хатшы, 1975-1980 ж. Йемен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінде 2-хатшы, 1980-1985 ж.  Қазақстан КП ОК-де, Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапты қызметкер, 1985-1989 ж. Йемен Халық Демократиялық Республикасында бас консул, кеңесші, 1989-1993 ж. Қазақ КСР-і СІМ-де жауапты қызметкер, ҚР Сыртқы экономикалық қатынастар министрінің 1-орынбасары, 1993-1999 ж. Қазақстанның  Египеттегі және қосымша Марокко, Тунис, Алжир, Иордания, Сирия, Ливия елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, 1996-1999 ж.  Ислам Конференциясы ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі, 1999-2001 ж. Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарды. 2003-2005 ж. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының кеңесшісі, 2005 жылдан өмірінің соңына дейін ұлттық-патриоттық «Ұлт тағдыры – ел тағдыры» қозғалысының төрағасы болды.

Болатхан Тайжан XX-ғасырдың 60-жылдары Мәскеуде білім алған қазақ студенттерінің бастамасымен өзіндік дербес ұстанымы бар қоғамдық қозғалыс ретінде  «Жас Тұлпар» ұйымын құрғандардың бірі және белсенді мүшесі болды.

2016 жылы ҚР Ұлттық кітапханаcының кітап қорына Болатхан Тайжанның жеке мұрағатынан қазақ, орыс, шет тілдеріндегі 1500 дана кітап  сыйға тартылды. Бұл кітаптар Ұлттық кітапханамыздың архивтік қорында сақтаулы.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Б. Тайжанның өмірі мен еңбек жолына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Модератор: қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Тайжан Мұхтар Болатханұлы.

Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, достары, отбасы және т.б.

 Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты іс-шараға

келетін адамдар саны шектеулі.

Сайтта

Қазір сайтта 416 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.