12.08.2022 - 14.08.2022
Description
14 тамызда сағат 11:00-де Қазақстандағы Балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында 6-16 жас аралығындағы балаларға арналған «Балалық шақ поэзиясы» шығармашылық кездесуі өтеді.
Кездесуді ақын, «Поэтика» @poetica.kz ақындар клубындағы шығармашылық кездесулерді ұйымдастырушы Альфия Хасанова мен жазушы Екатерина Алимп-Даниленко жүргізеді.
Бағдарламада: «Балаларға арналған поэзия» шеберлік сыныбы, өлең оқу, мәнерлеп оқу, ұтыс ойыны.
Баршаңызды шақырамыз!