+7 (727) 267-28-83

28.03.2023 - 29.03.2023

Название:
29 наурыз, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова  атындағы залында белгілі зерттеуші, этнограф Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Сыр елінің перзенті» атты шығармашылық кеші өтеді
Дата:
28.03.2023 - 29.03.2023
Расположение:

Описание

29 наурыз, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова  атындағы залында белгілі зерттеуші, этнограф, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы-зерттеуші,  Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Сыр елінің перзенті» атты шығармашылық кеші өтеді және кітап көрмесі ұйымдастырылады.  

Тынышбек Дайрабай 1943 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1969 жылы М. Киров атындағы  ҚазМУ-нің журналистика факультетін бітіріп, 1969-1974 жылдары Тереңөзек аудандық «Еңбек туы» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 1974-1978 жылдары  Алматы жоғары партия мектебінде, «Қараөзек» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1979-1994 жылдары комитеттің бөлім меңгерушісі, Тереңөзек  аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, редактор қызметін атқарды. 1995- 2019 жылдары  халықаралық «Түркістан» газетінде қызмет атқарды.

Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Әлеуметтік ғылымдар академиясының Құрметті академигі,  «Құрмет» орденінің иегері.

Тарихи-танымдық турасындағы  30-дан астам кітаптың авторы, соның ішінде Орта Азияға белгілі «Түркістан 1866 – 1872» ат­ты альбомды елге алып келіп, оны Қазақстанда шығаруға ав­торлық құқық алған,  сондай-ақ мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметін алғашқы зерттеушілердің бірі.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.