+7 (727) 267-28-83

14.06.2023

Название:
14 маусым, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хореограф Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
14.06.2023
Расположение:

Описание

14 маусым, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хореограф Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері өтеді.

«Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабында (Алматы, Жібек Жолы, 2023 ж.) алғаш рет үнді классикалық биінің «ұғымы» және оның рухани, зияткерлік мазмұны ашылады; екі мәдениеттегі би дәстүрінің ортақтығы ұсынылады; Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстар туралы; Қазақстанда және шетелде стильдендірілген үнді биінің дамуы туралы баяндалады.

Іс-шараның модераторы - ҚР Журналистика Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры Қозыбаев Сағынбай Қабашұлы.

Ақмарал Қайназарова − Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, АҚШ, Голливудта «этникалық би» номинациясы бойынша әлем чемпионы - 2003, Үндістанның дәстүрлі өнер түрлерін оқыту бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының»  негізін қалаушы.

Мемлекеттік марапаттары: «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі мен төсбелгісі; «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi», Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шапағат» төсбелгісі.

Жобалардың авторы: «Мәдениеттер диалогы - бір әлем», «Үнді классикалық биінің әдеби негізі», «Үнді классикалық биі және Шығыс жекпе-жек өнері», «Үнді классикалық би орталығы» би образдарындағы Мұхтар Әуезовтің «Үндістан очерктері», «Гуру-Шишья», (Ұстаз-шәкірт), «Бхаратанатьям Үнді классикалық биі бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Қазақстандағы алғашқы білім беру материалын шығару», «Махатма Гандидің туғанына 150 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл және Үндістан Тәуелсіздігіне 75 жыл», «Қазақстан мен Үндістан арасындағы Дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл», «Өзбекстан мен Үндістан арасындағы Дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл» және т.б көптеген жобалар.

Іс-шараға әйгілі қазақстандық жазушылар мен журналистер, хореографтар, әдебиеттанушылар, кітапханашылар, оқырмандар, оқытушылар мен студенттер, БАҚ өкілдері шақырылды.