+7 (727) 267-28-83

Қазақстан кітаптары» оқу залында ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Қалдыбай Мамытбектің 80 жасқа толуына орай «Бауыржан әлемінің үмбеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.     

2323Мамытбек Қалдыбай 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданындағы Қызылжалау  ауылында туған. 1956 жылы Шымкент қаласындағы  кәсіптік техникалық училищені, 1963 жылы Шымкент мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысының Қордай ауданындағы мектепте мұғалім болып бастаған. 1970-1978 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінің редакциясында, кейін 1980-1982 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, 1980-1996 жылдары әл-Фараби атын. ҚазҰУ және Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясында оқытушы қызметтерін атқарған. М. Қалдыбай «Көпір» (1974), «Қанат қақты» (1974), «Айна» (1977), «Мерей» (1978), «Ақжайық әуендері» (1979), «Жолдар шақырады» (1983) өлеңдерінің, «Ол неге ұялды» (1976), «Мерей» (1978), «Ай туып келеді» (1981) әңгімелер мен повестердің, «Бәйдібек баба арманы» (1995), «Жорға мінген жолаушы» (2014), «Баба атаның ұрпақтары» (2017), «Бекасыл әулие» (2001) деректі романдарының авторы. Жазушы, бауыржантанушы Мамытбек Қалдыбай Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, танымал қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы «Ұмытылмас кездесулер», «Мен халқымның Бауыржанымын», «Атақ пен шатақ» және т.б. эссе әңгімелер  жазды.ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде Мамытбек Қалдыбайдың шығармалары мен мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары ұсынылды.        

  Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 330 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.