+7 (727) 267-28-83

35fd7ec4 ade8 44c3 bbc8 4cff0fd9fe81

2019 жылғы 5 қыркүйекте Алматы қ. Достық үйінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне  арналған  «Тіл - татулық белгісі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» атты көшпелі  кітап көрмесін  ұйымдастырды.

 

ҚР Үкімметінің Қаулысымен 5 қыркүйек Тілдер күні болып белгіленді. Дәл осы күні Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Мереке жыл сайын қазақ филологиясының негізін қалаушы лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде аталып өтіледі.

Іс-шараның мақсаты: тілдік мәдениет пен жалпы адамзаттың рухани құндылықтар қағидаларына негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту. Қатысушылар: Қазақстан халқы Асамблеясының республикалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері, ҚХА этномәдени бірлестіктері жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауымдар және  Алматыдағы ЖОО студенттері.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы Қазақстанның халықтарының тарихы мен қазіргі өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрлері, өнері туралы материалдар ұсынылды. Кітап көрмесін «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі К.Н. Қасымбекова таныстырды.

7c8e4a33 ba54 44dc 9615 73037a673411   339c95d5 fcce 459d b3b4 a65ab64a6102
c4c9a9cd 57ff 4e7b 9ead 5d6c58630c6d   e68a56c7 80dd 4fe5 bcea 661afca89c84

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.