Әлем әдебиеті оқу залында 2019 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында «2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын және дауды бейбіт жолмен шешудегі мақсаты мен қағидасын және кейінгі ұрпақты соғыс апатынан құтқару туралы шешімін қуаттай отырып, 2021 жылды Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы деп жариялады.
БҰҰ-ның 73 мемлекет бірлескен автор болып табылатын Резолюциясында Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылын өткізу мемлекеттер арасындағы қатынастарда бейбітшілік пен сенімді нығайту жөніндегі қызметке, атап айтқанда, саяси диалог, өзара түсінік пен ынтымақтастық негізінде, орнықты бейбітшілікке, ынтымақтастық пен үйлесімділікке қол жеткізу мақсатында халықаралық қоғамдастықты жұмылдыру тәсілі болып табылатыны атап өтіледі.
«Бейбітшілік - бұл тек қақтығыстардың болмауы емес, сонымен қатар диалогты ынталандыратын позитивті, динамикалық және қарқынды үдеріс», - делінген қабылданған Резолюцияда.
Тұрақты дамудың 17 мақсатын БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен мемлекет басшыларының тарихи саммитінде бірауыздан қабылдады. 2030 жылға дейінгі кезеңге жасалға жаңа күн тәртібі мемлекеттерді осы мақсаттарға жету үшін келесі 15 жыл ішінде әрекет етуге шақырады, олардың әрқайсысы бейбітшілік пен ортақ өркендеу үшін маңызды.
Кітап көрмесінде төмендегідей тақырыптық бөлімдер бар:
«Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған халықаралық келісімдер және халықаралық-құқықтық құжаттар»;
«Қарусыздану, терроризмге және ядролық терроризмге қарсы күрес»;
«Адам құқығы және бітімгершілік»;
«Қазақстан және БҰҰ».
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан шыққан кітап көрмесіне бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласындағы халықаралық ұйымдардың, үкіметтік және үкіметтік емес институттардың жұмысын көрсететін құжаттар ұсынылады; БҰҰ Бас ассамблеясының резолюциялары; Халықаралық адам құқығы туралы келісім шарт; Халықтардың бейбітшілік құқығы туралы декларация және осы тақырыптағы басқа да орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар.
Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!