20-24 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Алматы облыстық кәсіптік-техникалық колледждері кітапханаларының мамандары кітапхана қорын қалыптастыру және өңдеу, пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, кітапхана қорын сақтау және цифрлау, библиографиялық деректер базасын қалыптастыру, библиографиялық құралдар құрастыру және баспа өнімдерін жасау, ғылыми-әдістемелік және кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету бағыттары бойынша тәжірибелік оқытудан өтті.
Тағылымдама соңында қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.
⠀
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.
⠀
Колледж кітапханашылары Ұлттық кітапхананың басшылығы мен ұжымға қонақжайлылықтары мен ұсынған қызметтері, инновациялық тәжірибемен танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын айтып, алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайту туралы тілектерін білдірді, сондай-ақ жақын арада колледж оқушыларымен экскурсияға келуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы іс-шараларға қатысуға ұсыныс білдірді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |