+7 (727) 267-28-83

1x1

Байқау көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған.

Байқау жастар арасында детектив шығармаларын насихаттап, шытырман оқиғаға толы шығарма жазуға ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен республикалық қоғамдық-саяси «Заң газетімен» бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже жалпы байқауды өткізу және детектив жанрындағы шығармаларды іріктеу критерийлерін анықтау, қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды.

1.2. Байқау детектив жанрында шығарма жазуға қабылетті республика жастары (жоғары сынып оқушылары мен студенттер) арасында өткізіледі.

 

  1. Байқаудың мақсаты

2.1. Байқау әдебиеттің детектив жанрын насихаттауды және жанрға қызығушылық тудыруды, жастардың осы жанрдағы жазушылық дарындарын ашуды және шығармашылық әлеуетін дамытуды көздейді.

 

  1. Байқауды өткізудің тәртібі және шарттары

3.1. Байқауға қатысушылар келесі мәліметтерді: толық аты-жөнін (төлқұжатының көшірмесімен бірге), ұялы байланыс нөмірін, электронды поштасының мекен-жайын ұсынуға тиіс.

3.2. Байқауға жіберілетін шығармалар детектив жанрының табиғатына сай болуы керек.

3.3. Бір автор бірнеше шығармасын ұсына алады, оларды іріктеп алу ұйымдастырушылар құзырына кіреді.

3.3. Мәтінге қойылатын талаптар: мәтін Microsoft Word нұсқасында терілуі тиіс, қарпі – Times New Roman, кегль - 14, жоларалық интервал – 1, шет-шетінен – 2 см, көлемі –10 беттен аспауы тиіс.

3.5. Жұмыстар электронды нұсқада 2023 жылдың 20 сәуірі мен 21 тамыз аралығында Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық пошта бойынша қабылданады.

3.6. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген және байқаудың талабына сай келмейтін, сондай-ақ «Антиплагиат» жүйесінде авторлыққа тексерістен өткізілмеген шығармалардың байқауға қатысуына жол берілмейді.

3.7. 22 тамыз – 5 қыркүйек аралығында үміткерлер шығармаларын Қазылар алқасы іріктейді.

3.8. Байқау қорытындысы 2023 жылғы 8 қыркүйекте жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конференция аясында жарияланады.

 

  1. Қазылар алқасының құрамы және жұмыс тәртібі

4.1. Байқау жеңімпаздарын айқындауды құрамына бас демеушімен бірге еліміздің көрнекті жазушылары мен қаламгерлері енген арнайы Қазылар алқасы жүзеге асырады.

4.2. Әрбір шығарманы Қазылар алқасының мүшелері 10 балдық шкала бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

 

  1. Байқауға ұсынылатын шығармаларды бағалау

5.1. Шығармалар төмендегі критерийлерге сүйене отырып бағаланады:

1) байқау тақырыбына сай болуы, шығарма идеясының толықтай ашылуы;

2) шығарма сюжетінің ерекшелігі мен реттілігі;

3) оқиғаны баяндау стилі; мазмұны түсінікті әрі қисынды болуы;

4) тіл және көркемдік шеберлігі.

 

  1. Байқауды қорытындылау

6.1. Қазылар алқасы дауыс беру арқылы жеңімпаздарды және бірінші, екінші, үшінші орын және жүлделер иелерін айқындайды.

Үздік 10 шығарма авторымен жастарға жол көрсеткен ұстаз-жетекшілері байқауға қатысушы сертификатын алады.

Байқаудың бас жүлдесін конкурс демеушісі табыс етеді.