26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында ҚР ҰҰ өзге ұлт өкілдері арасындағы "Мемлекеттік тіл - менің тілім" тақырыбындағы әскери қызметкерлер сайысының қорытынды үшінші кезеңі өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасын Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланы Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың бұйрығымен "Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл" кеуде белгісімен марапатталды.