28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы Халық Қаһарманы, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлымен және ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Әлкешев Ниязтай Болатаұлымен кездесті.
Кездесу аясында Ұлттық кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
⠀
Генерал-майор Қайрат Үмбетов кітапхана қорына «Құқықтық тәртіп әскерлері» кітабын сыйға тартты.
⠀
Сондай-ақ, Ұлттық кітапхана директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Айсин Батырхан Жандосұлын, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызын, Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Ботақанов Еркін Советбекұлының Алғыс хатымен марапаттады.
⠀
Өз кезегіңде кітапхана директоры Б. Оспанова Қайрат Үмбетовке «Құрметті оқырман» билетін табыстады.