2-6 қазан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының орталықтандырылған кітапхана жүйесінен 17 маман іс-тәжірибелік оқудан өтті.
Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету, ұлттық библиография, көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметтерінің жұмысымен танысты.
⠀
Оқу курсы отандық бағдарлама - Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізіліп, тәжірибелік сабақтар өткізілді.
⠀
Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне (ОКЖ) экскурсиясы ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
⠀
ҚР Ұлттық кітапханасы біліктілікті арттыру мақсатында еліміздің каталогтаумен айналысатын кітапханашы мамандарын Каталогизатор және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектептеріне оқуға шақырады.