+7 (727) 267-28-83

азия

14 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Азия және Африка жазушыларының V конференциясының 50 жылдығына арналған халықаралық мәдени-ағарту конференциясы өтті.

 Ұйымдастырушылар: ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО (МЦҚК) қамқорлығы мен мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық орталығы, Қазақстан Жазушылар одағы.

Шараның модераторлары - Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының орыс әдебиеті кеңесінің төрағасы Жақсылықов Аслан Жәмелұлы және М.О. Әуезов атындағы ҚР БҒМ Әдебиет пен өнер институтының Талдау мен сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Ананьева Светлана Викторовна.

Конференцияда қазақ жазушы, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Алматыдағы ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Сүлейменов Олжас Омарұлы; ЮНЕСКО Секретариатының Зерттеу, Этика және Ашықтық басқармасының директоры Мело Анжела; ТҮРКСОЙ Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет; М.О. Әуезов атындағы ҚР БҒМ Әдебиет пен өнер институтының Талдау мен сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі Ананьева Светлана Викторовна; Чувашия Жазушылар Одағының төрағасы, тарихшы, ақын, драматург Юхма Михаил Николевич; Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлы; Саясаткер, журналист, жазушы және баспагер Пряхин Георгий Владимирович құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Баяндамашылар: Тарих саласындағы философия докторы (PhD), "Bilgamesh" халықаралық ғылыми журналының жауапты редакторы, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының көрмелер мен конференциялар бөлімінің басшысы Крупко Игорь Владимирович; Т.ғ.к, профессор, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері Хафизова Клара Шайсултановна; М.О. Әуезов атындағы ҚР БҒМ Әдебиет пен өнер институтының Талдау мен сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі Ананьева Светлана Викторовна; Ақын, аудармашы, сыншы, "Простор" журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстанның Халық жазушысы Шашкова Любовь Константиновна; Тарих ғылымдарының кандидаты, Францияның Орталық Азияны зерттеу институтының (IFEAC) қауымдастырылған зерттеушісі Маничкин Нестор Александрович;

Конференция аясында «Екі континенттің жазушылары» атты Азия мен Африка елдері жазушыларының V Конференциясының мұрағаттық кинохроникасынан үзінді ұсынылды.

Конференция офлайн және онлайн (zoom) форматында өтті.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

азия1   азия2   азия3
азия4   азия5   азия6

 

Кітап шоу - 2024