+7 (727) 267-28-83

однажды в новый год28 қарашада қазақстандық 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп» жобасы аясында № 46 гимназияда ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі авторлардың «Однажды в Новый год» атты ертегілер жинағының тұсаукесерін өткізді.

2023 жылғы 28 қарашада қазақстандық 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп» жобасы аясында № 46 гимназияда ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі авторлардың «Однажды в Новый год» атты ертегілер жинағының тұсаукесерін өткізді.

Кітап мүмкіндігі шектеулі шығармашыл адамдарды қолдау мақсатында құрылған Халықаралық қайырымдылық қозғалысының ұйымдастырушысы және кураторы болып табылатын «Жарық» алғашқы шығармашылық бірлестігінің тобымен басып шығарылды. Кітапты құрастыруға Ресей, Беларусь, Франция елдерінің иллюстраторлары қатысты. Олардың ішінде Ресейдегі Халықаралық Андерсен сыйлығына ие болған жалғыз иллюстратор  Игорь Олейников бар.

ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиет қызметінің жетекшісі Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы оқушыларды Ұлттық кітапхананың қызметімен, сондай-ақ «Однажды в Новый год» кітабымен таныстырды.

Жобаның қатысушылары мен оның авторлары, Ресейдің түкпір-түкпірінен, Мәскеуден Хабаровскіге дейінгі әртүрлі жастағы адамдары туралы слайд көрсетілді.  Жоба командасы бірнеше марапаттарға және алғыстарға: «Бейнелеу өнерінің патшалары» сыйлығы (Новосибирск), «Кітап бейнесі -2023» Халықаралық сыйлығының арнайы дипломы, Кинематографистер одағының төрағасы Н.С.Михалковтың алғыс хатына ие болды. Аталмыш жинақ «Жыл кітабы. Сібір-Еуразия» сыйлығының онлайн дауыс беруінде жеңімпаз атанып, «Үздік балалар кітабы» номинациясының жүлдегері және РОСМЕН баспасының арнайы сыйлығының иегері атанды. 

№46 гимназиясының мұғалімдері Аллахвердиева Лаля Аббасалиевна және Абдуллина Алима Хаджигуловна  жетекшілік ететін 4 «В» және 4 «Г» сынып оқушылары ертегілер мен өлеңдерді мазмұндап, айтып берді. Сонымен қатар, осы сыныптардың балалары кітапқа суреттер – иллюстрацияларды дайындай отырып, кабинетті презентацияға сай безендірген. Сондай-ақ, оқушылар таныстырылған кітаптың иллюстрацияларымен көркемделген тәттілерді барлық қатысушыларға үлестірді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері оқушылар мен мектеп кітапханасына кітаптарды сыйға тартты.

PHOTO 2023 11 28 15 45 12PHOTO 2023 11 28 15 45 15PHOTO 2023 11 28 15 47 22 1

PHOTO 2023 11 28 15 47 25PHOTO 2023 11 28 15 47 08

PHOTO 2023 11 28 15 47 28

Кітап шоу - 2024