+7 (727) 267-28-83

рухқазына

1 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің қорытынды кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

«Рухани қазына – 2023» фестивалінің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы сөз сөйлеп, фестиваль жеңімпаздарын құттықтады.

Кітапхана саласы бойынша қазылар алқасының шешімімен ұсынылған өтінімдер арасында жүлделі номинацияларға және арнайы жүлделерге лайық деп танылғандар:

«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» – Түркістан облысы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы танылып, 1000000 (бір миллион) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, №3 қалалық кітапхана деп танылып, 1000000 (бір миллион) теңге;

«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» – Алматы облысы Іле ауданы, Ақши ауылдық балалар кітапханасы танылып, 1000000 (бір миллион) теңге;

«Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» – Жамбыл облысы Д. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы танылып, 1000000 (бір миллион) теңге;

«Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» – Шымкент қаласы, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы танылып, 1000000 (бір миллион) теңге;

«Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» – Ғ. Сыланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ақпараттық –библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Сабирова Құралай Шапағатқызы танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500000 (бес жүз мың) теңге;

«Аудандық(қалалық) маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» –Ақтөбе облысы, Қарғалы аудандық орталық кітапханасының әдіскері Қартбаев Қанат Талапбайұлы танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500000 (бес жүз мың) теңге;

«Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» – Ақмола облысы Ерейментау аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Худжанова Жадыра Сабырқызы танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500000 (бес жүз мың) теңге;

«Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхананың үздік қызметкері» – Қостанай облысы, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс істеу бөлімінің библиографы Степанова Анастасия Владимировна танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500000 (бес жүз мың) теңге;

«Тахауи Ахтановтың 100 жылдығы құрметіне орай» кітапханалар арасында Ақтөбе облысы, С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы үздік деп танылып, 300000 (үш жүз мың) теңге жүлде табысталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында өткен «Рухани қазына – 2023» фестивалінің жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтайды.

рухқазына1   рухқазына2   рухқазына3   рухқазына4
рухқазына5   рухқазына6   рухқазына7   рухқазына8

 

Кітап шоу - 2024