+7 (727) 267-28-83

405363935 726670462828373 7891667092240496072 n

4 желтоқсанда ҚР Ұлттық ұланы, Кеңес Одағының батыры, гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өткен мерекелік іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың батыр ұлы - Бауыржан Момышұлы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Кітап көрмесінің мақсаты ─ майдангер қаламгерді халыққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақ пен оқырмандарды Бауыржан Момышұлының шығармашылығымен таныстыру.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы және кітапханашылар Алтынбеков Қанат Мұратбекұлы мен Мәлік Зарина Мейрхатқызы кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Кітап көрмесіне  сарбаздар қызығушылық танытты.

Мерекелік шара соңында  ҚР Ұлттық ұланы, Кеңес Одағының батыры, гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі, полковник Б.Оспанбековтың атынан ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.

405369015 726670489495037 970339812447629480 n   407080770 726670526161700 1718032281077271883 n    
405398182 726670499495036 2652505457776723813 n   405404103 726670472828372 4563184137650091502 n   407090653 726670516161701 501890806479169165 n

 

Кітап шоу - 2024