6 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Қаһарман ұлт» жобасы аясында «Желтоқсан ‒ ұлт тарихының жұлдызды айы» атты жылдың қорытынды конференциясын өткізді.
⠀
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің топ жетекшісі Мұхамед-Қанапия Шархан ашты.
⠀
Конференцияның модераторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.
⠀
Іс-шарада «Social project management» қоғамдық қорының директоры Бейбіт Молдахметұлы, «Желтоқсаншылар» ұйымы төрағасының орынбасары Аяп Ыдырыс, «Жауынгер» қоғамдық ұйымның төрағасы Даркенбаев Байдәулет, «Намыс» қоғамдық ұйымының төрағасы Айдарбаев Алмасбек, «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тастекеев Жүрсін, желтоқсаншылар: Саулеева Гүлназия, Тәшенов Түгелбай, Ихласова Ақкүміс және т.б. сөз сөйледі.
⠀
Сондай-ақ, ақын, желтоқсаншы Аманғазы Кәріпжанов өлеңдерін оқып, «Тәуелсіздік» атты әнін орындады.
⠀
Қатысушылар: ақындар, жазушылар, желтоқсаншылар, студенттер мен БАҚ өкілдері.