4-8 желтоқсан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтті.
Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік, ұлттық библиография және анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету жұмыстарымен танысты.
Оқу курсында отандық Web-RABIS бағдарламасы кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
ҚР Ұлттық кітапханасы біліктілікті арттыру мақсатында еліміздің каталогтаумен айналысатын кітапханашы мамандарын Каталогизатор және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектептеріне оқуға шақырады.