+7 (727) 267-28-83

20д

20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі композитор Мақсат Жәутіковтың «Тамшылар» атты ән кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы – Фархат Қыстықбаев.

Шарада «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеев; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағайша Исағұлова; Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Сайлаубай Тойлыбаев; ақын Бақыт Беделхан; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің жары Жұмагүл апай; Гүлнар Дәнешқызы және т.б құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, аталмыш кітаптың бірнеше данасы ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылды.  

Композитордың «Тамшылар» атты ән кітабына өзінің 64 әні және шығармашылығына байланысты айтылған музыка әлемі саңлақтарының пікірлері енген. Сонымен қатар, композитордың халықаралық, республикалық байқаулардан алған деректі құжаттамалары мен 300-ден астам фотосуреттер топтастырылған.

Шара аясында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айбек Мұхамедәлі, Мақсат Жәутіковтің шәкіртері, Халықаралық «Бозторғай», Республикалық «Тамшылар» ән-фестивальдерінің лауреаттары: «Славян базары» ән байқауының жеңімпазы, «Маленькие звезды» ән байқауының лауреаты, Әлішер Жақсыбай; Болгария елінде өткен ән байқауының бас жүлдегері, «Жас қанат» ән байқауының дипломанты, «Золотой микрофон» ән байқауының лауреаты, актриса Томирис Жанғазинова және «Тауматау» тобы композитордың «Туған жерім – тірегім», «Еркелеші, Еркем»,  «Арман қанат», «Жіберем қалай?»,  «Ана», «Сүйгенім – I love you» атты әндерін шырқады.  

Еліміздегі өнерпаздардың орындауында кеңінен таралған әндермен қатар, жаңа туындылар топтастырылған бұл ән кітабы мектептегі «Музыка» пәніне, балалар музыка мектептеріндегі ұстаздарға, үйірме жетекшілеріне, сондай-ақ барша өнерсүйер қауымға ұсынылады.  

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым, өнер қайраткерлері және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

20д2   20д4
20д3   20д5
20д6   20д7
20д8   20д9
20д1   20д10

 

Кітап шоу - 2024