21 желтоқсанда Ұлттық кітапханаға Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Мәдени өкілдігінің директоры – Хосейн Агазаде келді.
Сапар барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова мен Иранның Алматыдағы Мәдени өкілдігінің директоры Хосейн Агазаде алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, қонаққа Иран кітап бұрышының қызметі таныстырылып, Әлем әдебиеті залында шет елдердің кітап бұрыштарына экскурсия жүргізілді.
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |