+7 (727) 267-28-83

цур гл

Әлем әдебиеті залының Ақпараттық ресурстар орталығында БҰҰ бағдарламасының 17 жаһандық мақсатын ашуға арналған «Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму мақсаттары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тұрақты даму саласындағы мақсаттар (ТДМ) (ағылш. Sustainable Development Goals (SDGs)) БҰҰ-ның 2030 жылға дейін бүкіл әлем халқы үшін жақсы және тұрақты болашаққа қол жеткізу жоспары ретінде әзірленген 17 өзара байланысты мақсаттардан тұрады.

Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі ретінде тұрақты даму саласындағы мақсаттарды ұстану міндеттемесін алды. Басты мақсат - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне адамдардың әл-ауқатын арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және тұрақты өрлеуіне қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс әсерін азайтуға негізделуі тиіс.

Қазақстанда ТДМ-ны іске асыру елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және республикадағы әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге әкелуі мүмкін.

Қазақстанда келесі бағыттарды дамытуға көп көңіл бөлінеді:

- Адамдар: кедейлікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмірді қамтамасыз ету, білім беру;

- Планета: құрлық пен су экожүйелерін ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі;

- Өркендеу: инклюзивті өсу және экономикалық өзгерістер;

- Бейбітшілік: қауіпсіз және бейбіт қоғам, мықты институттар, әділеттілік;

- Серіктестік.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қазіргі уақытта Қазақстанда «Ана үйі», «Greental», «Eg Stic» және т.б. тұрақты даму жөніндегі өзіндік стратегиялары мен бағдарламалары әзірленді.

Кітап көрмесінде ТДМ-ны іске асыру саласындағы БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметіне қатысты қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар мен материалдар және есептері ұсынылған. Сондай-ақ, Қазахстан Республикасының халықаралық міндеттемелері мен ұлттык стратегиялық құжаттары ұсынылды.

 Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

Кітап шоу - 2024