+7 (727) 267-28-83

женпу гл

2024 жылғы 15 ақпанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық меретойына орай Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Кітапхана ісі» мамандығының түлектерінің қатысуымен «Өнеге мектебі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға ҚР Ұлттық кітапханасының бірқатар мамандары: Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқова, Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.Ө.Сыдықжанова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашылары: Мыспаева Р.Қ. мен Аханова С.З. қатысып, құттықтау хат және кітап сыйға тарту етті.

Дөңгелек үстелді Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Калымова К.А. салтанатты түрде ашып беріп, п.ғ.к, проф. м.а. Нұржанова Г.И.«Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 65 жылдық тарихы, бүгіні, болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға ҚазМемҚызПУ-дың еліміздегі, сондай-ақ шет елдерде жүрген түлектері онлайн форматта қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Алматы қаласы кітапханаларындағы әріптес-түлектер жылы лебіздерін білдірді.

Дөңгелек үстелде «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері өнер көрсетіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

женпу2   женпу1

 

Кітап шоу - 2024