2024 жылғы 1 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының қорына филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, ғалым Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы қазақтың алып ақын-жазушыларының бірі, қазақ әдебиетінің тарихын қалыптастыруға үлес қосқан Сәкен Сейфуллиннің қазақ фольклорын жинақтау, зерттеу және жариялау саласына сіңірген еңбектерін саралауға арналған «Сырсандық. Сәкен Сейфуллин және фольклор» монографиясын сыйға тартты.
Автордың аталмыш зерттеу еңбегі «Сырсандық» сериясының тоғызыншы кітабы.
Монографияда ақынның өлең-жырлары, поэмаларында қолданылған фольклорлық сарындар қазақ әдебиетіне қалай сіңді деген мәселе жан-жақты талданып, нақты мысалдармен түйінделеді.
⠀