+7 (727) 267-28-83

конф гл

2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик, Қазақстан Республикасының Ұлттық машина жасау және көлік ғылым академиясының негізін қалаушы әрі қайраткері, Q University-дің қоғам қайраткері Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың 90 жылдығына орай «Жаңа көкжиектер: ғылымдағы дәстүрлер мен инновациялар синтезі» (Жиенқұлов оқулары – 2024) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның модераторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық машина жасау және көлік ғылым академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Қасымбек Жақсыбай Нұрлыбайұлы.

Серғазы Жиенқұлов – елімізде көтергiш-көлiктiк машиналар саласының тұңғыш ғылым докторы. Сондай-ақ, Н.Э.Бауман атындағы жоғары техникалық училищесiнiң түлектерi арасынан КСРО-дағы үздiксiз көлiк машиналары саласының тұңғыш докторы. Серғазы Ахметұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетiнде көтергiш-көлiктiк машиналар және гидравлика, баспахана машиналары сынды екі кафедраның ашылуына мұрындық болды.

Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар көрнекті ғалым Серғазы Жиенқұловтың өмір жолы мен техника, машина жасау және көлік саласы бойынша атқарған еңбектері туралы баяндама жасап, осы салалардың қазіргі таңдағы дамуы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың кітаптарын сыйға тартты.

Конференция офлайн және онлайн (zoom) форматында өтті.

Қатысушылар: отандық және шетелдік ғалымдар, практиктер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.

конф1   конф4   конф6
конф5   конф3   конф2

 

Кітап шоу - 2024