+7 (727) 267-28-83

белес гл2024 жылғы 12 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы ұйымдастырған «Жас қалам – жаңа роман» жобасының грант иегерлері, жас қаламгерлер: Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байболдың «Мұтылған» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Шараның мақсаты ‒ жас қаламгерлерді әдебиет әлеміне таныту, шығармаларын жұртшылыққа насихаттау.

Модераторы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бейбіт Сарыбай болды.

Шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов; журналист, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Қуантайұлы; «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын Дәурен Қуат; «Алқа» баспасының бас редакторы Баян Хасанова; журналист, әдебиеттанушы, сыншы Әлия Бөпежанова; Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, әдебиеттанушы Әмірхан Меңдеке және т.б. сөз сөйлеп, аталған жобаға тоқталып, сәттілік тіледі.

«Жас қалам – жаңа роман» жобасының грант иегерлері, жас қаламгерлер: Мақсат Мәлік, Қанат Әбілқайыр, Әлібек Байбол сөз сөйлеп, жоба ұйымдастырушыларына, тәлімгерлер: Жүсіпбек Қорғасбек, Нұржан Қуантайұлы және Дәурен Қуатқа, сонымен қатар «Алқа» баспасына алғыстарын білдірді.

Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері.

белес1   белес2   белес3
белес4   белес5   белес6

 

 

Кітап шоу - 2024