+7 (727) 267-28-83

доступ гл

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Өнер бөлімінің оқу залында «Қолжетімді орта»«Доступная среда» бұрышы ашылды.

Қолжетiмдi, кедергiсiз орта құру – мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға кiтапханалық қызмет көрсетуде тең мүмкiндiктер қағидатын жүзеге асырудың маңызды шарттарының бiрi. Біздің міндетіміз – біздің ерекше оқырмандарымыз үшін ең қолайлы жағдай жасау. Бөлімде арнайы жабдығы бар дыбыстық, мәтіндік және баспа ақпаратты пайдалану мүмкіндігі бар. SARA CE оқу машинасы зағип және нашар көретін пайдаланушыларға арналған сканерлеу және оқу үшін (камералы нұсқа) пайдаланылады. Аудиокітаптар мен күйтабақтарды тыңдауға арналған лингафондық кабинет бар.

ҚР Ұлттық кітапханасына келген әрбір оқырман рухани демалып, өздерінің қарым-қатынас ортасын қалыптастырып, уақытын қызықты әрі пайдалы өткізе алады. Сондай-ақ, түрлі қажетті ақпараттар ала алады.

Біз сізге ұнайтын кітапты таңдауға көмектесуге қуаныштымыз!

доступ1

 

Кітап шоу - 2024