+7 (727) 267-28-83

саха гл21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Саха Республикасының (Якутия) Қазақстандағы мәдени күндері аясында Саха Республикасы Парламентінің бірінші вице-спикері Жирков Александр Николаевич арнайы келді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кітапхана бойынша экскурсия жүргізіп, оқу залдарымен және кітап бұрыштарымен таныстырды.

Жоба авторы және жетекшісі ретінде Саха Республикасының V- сайланымдағы Мемлекеттік Мәжілісінің (Ил Тумэн) төрағасы, "Әлем халқының эпостары" халықаралық қауымдастығының вице-президенті А.Н. Жирков жоба аясында жарық көрген басылымдарды сыйға тартты.

Өз кезегінде кітапхана директоры кітаптар сыйлады.

Сонымен қатар, екіжақты өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтасты дамыту, кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды.

саха1   саха2   саха3

Кітап шоу - 2024