+7 (727) 267-28-83

кш иран гл

23 сәуірде жыл сайынғы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «КІТАП шоу-2024» кітап фестивалі аясында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, «Қазақстан-Иран: «Наурызнама» мәдениеттердің үндестігі» атты әдеби – тақырыптық кеш өтті.

Шарада сөз сөйлегендер: Алматы қ. Иран Ислам Республикасының Бас консулы Фагани Мохсен  мырза, Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Агазаде мырза, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары, Т.Е.Қыдыр, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті ирантану бөлімінің меңгерушісі және аға оқытушысы А.Ж.Боранбаева және Ғ.А. Қамбарбекова.

Іс-шарада «Наурыз» интеллектуалды квест-викторинасы өткізіліп, Қазақстанда Наурыздың  атап өтілуі туралы материалдар ұсынылды. «Наурыз – бейбітшілік пен келісім мерекесі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әлем әдебиеті қызметінің мамандары шолу жасады. Сондай-ақ кітапханашылар мен студенттер әлемнің 5 тілінде және парсы тілінде мерекеге арналған өлеңдер оқыды.

Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері, Ғ.Мүсірепов атындағы N 86 мектеп-гимназиясының, М.Мақатаев атындағы  N 140 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана оқырмандары мен қонақтары қатысты.

Кеште Ж.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты оқушыларының музыкалық нөмірлері ұсынылды.

Іс-шараның белсенді қатысушылары мен квест-ойын жеңімпаздарына кітапханадан алғыс хаттар, кітаптар және Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығынан және Иран мәдени орталығынан сыйлықтар табысталды.

кш иран1   кш иран2   кш иран4
кш иран3   кш иран5   кш иран6

 

Кітап шоу - 2024