+7 (727) 267-28-83

кш ярморка гл

2024 жылғы 23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай жыл сайынғы «KITAПшоу - 2024» кітап фестивалі өтті. Осы іс-шара аясында кітап  жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Кітап жәрмеңкесінің мақсаты – кітап нарығындағы баспагерлерді, ақын-жазушыларды бір алаңға жинау, қазақстандық баспалармен тығыз байланыс орнату, отандық авторлардың шығармалары мен жаңа кітаптарын барша қауымға дәріптеу.

Кітап жәрмеңкесіне 20-дан астам  отандық баспалар, кітап дүкендері қатысты. Атап айтсақ: «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Көкжиек-Горизонт», «Қазақ университеті», «Отбасы хрестоматиясы», Ziyat, «ADAL KITAP», «Qasym баспа үйі», «Molia&Dos», «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі, «Qyr balasy» қоғамдық қоры, «Комунити плюс» қоғамдық қоры, «Dudar kitap» дүкені, «Kitap al» кітап дүкені, «Qazyna» кітап дүкені, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Кітап жәрмеңкесіне келген оқырмандар мен қала жұртшылығы баспалардың жаңа кітаптарымен танысып, қажетті кітаптарын сатып алды. Кітап жәрмеңкесіне қатысқан барлық мекемелерге ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан алғыс хаттар берілді.

Осы мәдени шара аясында  елімізге танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист Досым Сәтпаев кітапхана қорына бірнеше құнды кітаптарды сыйға тартты. Оның ішінде: «Аштық жайлаған дала», «Восстание казахов 1916», «Песня Кумана», «Политическая наука» және  т.б.

кш ярморка1   кш ярморка2   кш ярморка3

 

Кітап шоу - 2024