+7 (727) 267-28-83

кш жазушы гл

«КІТАПшоу – 2024» аясында Әдеби академия залында OpenPlace USW –  Қазақстан Жазушылар қоғамдастығының іс-шарасы өтті. Онда авторлармен, тәуелсіз театрлармен танысудың интерактивті алаңы, нетворкинг, кітап алмасу, актерлік шеберлік бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қазақстандық жас жазушылардың кітап көрмелері ұсынылды.

Іс-шараға шақырылған мектеп, колледж оқушылары Одақ жазушылары өткізген интерактивті викторинаға белсене қатысты. Интерактивті қарым-қатынас көрермендер мен жазушылар арасында авторлық шеберлікті, жазушылық дарынды қалыптастыру, шешендік шеберлікті дамыту тақырыбындағы қызықты пікірталаспен ұштасты.

Ұлттық кітапхана қорына жазушы Ирина Бакулинаның «Кітапханадағы түн» атты кітабы сыйға тартылды.

Тәуелсіз эксперименттік театр «BUNKER арт-панасы» «Қазіргі заманғы театр қандай болады: техника вербатим, сайт-ерекшеліктер,  технологиялық және куәгерлік қойылымдар» атты дәріс өткізіліп, барлық қатысушылар актерға ұсынылған моно пьеса жазуда өз дарындарын көрсете алды.

«ТРИ» Playback театрының жетекшілері Ксения мен Евгения Драчуков динамикалық актерлік тәжірибе өткізіп, Playback форматымен таныстырды.

Шара соңында Қазақстан Жазушылар одағы Ұлттық кітапханаға өздерінің авторлық кітаптарын сыйға тартты.

Шараны ұйымдастырушыларға ҚР Ұлттық кітапханасының атынан алғыс хаттар табысталды.

кш жазушы1   кш жазушы2   кш жазушы3
кш жазушы4   кш жазушы7   кш жазушы6

 

Кітап шоу - 2024