+7 (727) 267-28-83

школа гл

2024 жылғы 1-26 сәуір аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының  Каталогизатор мектебінде Ақтөбе, Павлодар, Ұлытау облыстарынан және Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен 45 маман іс-тәжірибелік оқудан өтті. 

Тыңдаушылар каталогтау бойынша халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, электрондық каталогтар мен дерекқорларды құру және қалыптастыру бойынша жұмыс барысымен, сондай-ақ кітапхана қорларын толықтыру, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету және т.б. танысты. Дәрістер және тәжірибелік сабақтар Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізілді. Қатысушылар сабақ барысында іс-тәжірибе алмасып, кітапханада өткен іс-шараларға белсене қатысты.

Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне (ОКЖ) экскурсия ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының қорын толықтыру үшін ҚР Ұлттық кітапханасының айырбастау-резервтік қорынан әдебиеттер сыйға тартылды.

школа1   школа2   школа3   школа4

 

Кітап шоу - 2024