+7 (727) 267-28-83

женпу гл

2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы және Диссертация бөлімінің жетекшісі Әбенова Жазира Амангелдіқызы «Жоғары оқу орны кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары» XII халықаралық конференциясына қатысты. 2024 жылға арналған тақырып: «Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасының кепілі».

Конференция Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған. Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы университет кітапханаларының қауымдастығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Нархоз университеті және Сүлеймен Демирел университетінің қолдауымен.

Конференция барысында ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи әлемдік трендтері келесі тақырыптар бойынша талқыланды:

  • заманауи университет кітапханаларының даму тенденциялары және жоғары білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету;
  • университет кітапханасы ұсынатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін заманауи бағдарламалық-аппараттық шешімдер;
  • университет кітапханаларының ақпараттық ресурстары: оларды академиялық ортада қалыптастыру және ілгерілету тәжірибесі мен перспективалары;
  • университет кітапханаларының кеңістігін қалыптастыру мен жаңғыртудың заманауи басымдықтары мен тенденциялары;
  • кітапханашылардың кәсіби білім беру және олардың кәсіби біліктілігін арттырудың өзекті мәселелері;
  • ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын бағалау.

Кітап шоу - 2024