+7 (727) 267-28-83

Герои

2024 жылғы 10 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Кеңес Одағының Батырлары - Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетов, Халық батыры Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына және Иван Бабиннің 125 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кештің модераторы танымал диктор, ҚР мәдениет қайраткері Серіков Аманжол Енсебайұлы болды. Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты. 

Кеш Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Рахымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева кеш қонағы болды, ол Рейхстагқа ту тіккен әкесінің әріптесі Григорий Болатовпен бірге жасаған ұлы ерліктері туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шарада ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Әлкешев Ниязтай Болатұлы сөз сөйледі. Алкешев Н.Б. жас ұрпаққа, кешке қатысушылар мен қонақтарға Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлардың өшпес ерлігі туралы айтып, жастарды патриотизмге, Отанға адал болуға және оны қорғауға дайын болуға шақырды.

Кеш бағдарламасында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Генерал» тобының музыкалық концерті өтті. Әдеби-музыкалық кеш соңында қонақтар мен қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» атты кітап және виртуалды көрмесін ұйымдастырды, экранда Алматы қаласындағы қазақстандық батырлардың ескерткіштерінің жанында, оларға арналған өлеңдер оқып түсірілген бейнефильм көрсетілді.

Кешке қатысушылар: Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының сарбаздары, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің курсанттары, 3650, 5571, 7552 әскери бөлімдерінің сарбаздары, ҚР ІІМ Алматы академиясының студенттері, кітапханашылар, Алматы қаласындағы колледждер мен ЖОО студенттері, БАҚ өкілдері және т.б.

герои1   герои2   герои3   герои4
герои5   герои6   герои7   герои8

 

Кітап шоу - 2024