Құжаттарды электрондық жеткізу (ҚЭЖ) қызметіне қош келдіңіздер!
ҚЭЖ қызметі өз жұмысын 2001 жылдың сәуірінде бастады. Қызмет Ұлттық кітапхана қорындағы құжаттардың электрондық көшірмелеріне тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады. Тапсырыс кітапхана сайтындағы модуль арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасымен, сонымен қатар 1 қабатта орналасқан Мультимедиа бөлімінде қабылданады.
Заңды тұлғалар үшін электрондық көшірмелерге рәсімделген келісімшарт негізінде қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады.
Ұлттық кітапхана қорынан алынған электрондық көшірмелерді ғылыми және білім беру мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Көшірмелерді жеке мақсатқа пайдалануға және үшінші тұлғаға беруге, таралымын жасауға тиым салынған.
Кітаптардың электрондық көшірмелері Қазақстан Республикасының «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына ( ІІ б. 20-б. 2-т) сәйкес жасалады.
Назар аударыңыз! ҚЭЖ қызметі диссертациялардың және 1900 жылға дейінгі сирек кітаптардың электрондық көшірмелерін жасамайды. Олардың көшірмесін жасау мүмкіндігі кітапхана әкімшілігі, диссертация бөлімі Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. арқылы анықталады.