«Шекарадағы кездесулер» жобасының идеясы 2001 жылдың 5-6 қарашасында «Қарағанды – Қазақстанның алғашқы кітапханалық астанасы» атты іс-шаралар шеңберінде өткен «Кітапханалар – Қазақстан қоғамы дамуының рухани қайнар көзі» атты конференцияда туған. Мегажобаны Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және ҚР Ұлттық кітапханасы ұсынған.
Ресей-Қазақстандық мегажобаның өзекті мәселесі – ЕврАзЭБ-не мүше мемлекеттердің кітапханалары үшін қазіргі заманғы ақпараттық құралдар арқылы екі халықтың тұтастығының куәсі іспетті тарихи тамырластықтарын және мәдени-рухани қарым-қатынасын қамтитын бірыңғай ресурсты қалыптастырудың жобасын жасау болып табылады.
Біріккен электрондық кітапхана құрудың мақсаты – қай мемлекеттің тұрғыны болғанына және ақпарат көзінен қаншалықты алыстығына қарамастан, мемлекеттердің біріктірілген ақпараттық және мәдени әлеуетін күшейту арқылы екі мемлекет азаматтарының ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және біріккен Интернет-ресурсын қалыптастыру.
Осы Жоба шеңберінде Ресейдің және Қазақстанның жазба мұрағаттарының электрондық топтамасын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Ұлттық кітапхана сайтында (www.nlrk.kz) жобаға қатысты кітаптардан, альбомдардан, мақалалар мен карталардан тұратын 380-ге жуық құжат бар.