+7 (727) 267-28-83

 

adyrna

2019 жылғы 24 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің «Тарихтан тағылым: ұлттық дәстүр және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Толығырақ...  

edige

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Едіге батырдың 600 жылдығына орай арнайы кітап көрмесі қойылды.

          

Кітап көрмесінде Едіге батырдың ел есінде қалған ерліктері мен Едіге батыр жайында жазылған жырлардың нұсқалары қойылған.

Кітап көрмесін   Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері мен Ұлттық кітапхана оқырмандары тамашалады.

2019 жылғы 23 мамырда Қытай мәдениет және әдебиет залында «Қытай кестелеу өнері – рухани мәдениет құралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

вышивка фотоҚытайда кестелеу өнерінің мыңдаған жыл тарихы бар. Дәстүрлі кесте бұйымды ою-өрнек немесе сюжеттік сурет, жіптермен және иненің көмегімен қолмен жасалған басқа да материалдармен әшекейлеу деп аталады. Түрлі-түсті қытай кестелері жібекпен тігу сәнімен және түрлі өрнектермен ерекшеленеді. Өрнектер мен суреттер кездейсоқ емес.

Толығырақ...  

«Өнер» бөлімінің оқу залында күйші-домбырашы Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалинаның  (1939-1990) 70 жылдығына арналған «Үздік домбырашы» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы қаласының Әкімшілігінің жанындағы «Қоғамдың келісім» КММ этномәдени бірлестіктері өткізген жиналысы шеңберінде «Қазақстан этностары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

IMG 20190522 WA0055Жиналысты Қазақстан Президентін сайлау алдындағы науқан аясында «Біздің таңдауымыз  ̶  бірлік пен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестік өткізді.  

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан этностары» кітап көрмесінде Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы материалдар қойылды.

Толығырақ...  

2019 жылғы 18 мамыр, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ақын, Әлем Адамы Олжас Сүлейменовтің туған күніне орай шығармашылық кеші және «Молодые стихи», «Этимологияға  кіріспе», Ермек Алдановтың «Олжас и Я» атты 3 бірдей кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

11111

Шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев болды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, Ұлттық кітапхана ұжымы атынан арнайы сыйлық табыстады.

Толығырақ...  

 «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі шығыстанушы ғалым, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өтеген Күмісбаевтың 80 жасқа толуына орай «Шығыстан шырай іздеген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

фото кумисбаев 11Күмісбаев Өтеген Күмісбайұлы 1939 жылы 20 мамырда Қызылорда облысының Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында туылған. 1958 жылы  қазақ орта  мектебін бітіргеннен кейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  филология факультетіне оқуға түсті.

1963-1969 жж. Ө.Күмісбаев «Егемен Қазақстан» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1969-1974 жж. тәжірибе алмасушы-зерттеуші, Мәскеуде КСРО ҒА Шығыстану институтының аспиранты болып жұмыс атқарған.

Толығырақ...  

2019 жылғы 17 мамыр, сағат 10.00-де Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті ғалым, терминолог, орфограф, педагог, қоғам қайраткері Елдес Омаровтың өмірі мен қызметіне арналған «Өркениеттің түпқазығы – жазу» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

102030

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова ашты. Іс-шараға Ісімақова Айгүл, Оразбаева Фаузия, Қойшыбаев Бейбіт Шаяхмет Ақылбек, Шуақаев Марат, Салқынбай Анар, Смағұлова Светлана, Жылысбаева Мәрзия, Таикешова Сәуле, Бияздықова Әлия, Жұбаева Орынай баяндама жасады.  

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024