+7 (727) 267-28-83

белес гл2024 жылғы 12 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы ұйымдастырған «Жас қалам – жаңа роман» жобасының грант иегерлері, жас қаламгерлер: Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байболдың «Мұтылған» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

ргб гл11 сәуірде Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Мәдениет министрі Ольга Любимованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша кіші комиссиясының үшінші отырысы өтті.

Толығырақ...  

корме гл«РУХЫ БИІК – ҰЛЫ ТҰЛҒА» АТТЫ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ

Толығырақ...  

сагадат гл

2024 жылғы 11 сәуір, сағат 9.00-де Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында Кеңес Одағының Батыры және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Әскери ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында III Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті.

Толығырақ...  

конф гл

2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик, Қазақстан Республикасының Ұлттық машина жасау және көлік ғылым академиясының негізін қалаушы әрі қайраткері, Q University-дің қоғам қайраткері Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың 90 жылдығына орай «Жаңа көкжиектер: ғылымдағы дәстүрлер мен инновациялар синтезі» (Жиенқұлов оқулары – 2024) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Толығырақ...  

сатбаев гл2024 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнекті геолог-ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Әлем таныған қазақтың Қанышы» атты еске алу кеші өтті.

Толығырақ...  

князь гл2024 жылғы 9 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының қорына ресейлік тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Иванович Козодой «Князь сибирских кыргызов Эренек» және қазақ тіліне аударылған «Әлихан Бөкейханов: дәуір дарабозы» атты кітаптарын сыйға тартты.

Толығырақ...  

шеген гл

Мерзімді басылымдар залында жазушы Шеген Ахметовтің туғанына 110 жыл толуына орай «Шеген Ахметов – балалар әдебиетінің атасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024