+7 (727) 267-28-83

өзбекстан11Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспанова және Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің жетекшісі Айнагүл Нұрсейтова конгресс аясында "Орталық Азияның мұражайлары мен кітапханалары Бүкіләлемдік қоғамның жобаларында" атты халықаралық конференцияға қатысты.

Толығырақ...  

өзбекстан

5 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспанова және Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің жетекшісі Айнагүл Нұрсейтова Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өткен Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіләлемдік қоғамның "Өзбекстанның мәдени мұрасы - жаңа Ренессанс негізі" атты VII халықаралық конгресінің салтанатты ашылуына және бүкіләлемдік қоғам ғылым кеңесі мен басқармасының отырысына қатысты.

Толығырақ...  

канахин

3 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 100 жылдық мерейтойына орай «Кісіліктің биік шыңы» атты еске алу кеші өтті.

Толығырақ...  

аида

25-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің меңгерушісі Аида Мұратқызы Шоманова және қалпына келтіруші маман Меруерт Дулатқызы Өскембаева Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиетінің кітапханасы ұйымдастырған «Сақтау аспектісіндегі кітап ескерткіштері» атты VIІ Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.      

 

Толығырақ...  

музафаралимбаев

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы  оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстанның тұңғыш Әнұраны авторларының бірі, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар бақытының жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.    

Толығырақ...  

даурен абиров

Өнер бөлімінің оқу залында балет әртісі, тұңғыш кәсіби қазақ бишісі, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері және халық әртісі, педагог Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтың 100 жылдығына арналған «Алғашқы қазақ балетмейстері»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

женпу

1 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы Роза Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі  Ш.М. Усенбаева дуалды оқыту жүйесі негізінде  «Ақпараттық ресурстар және қажеттіліктер» пәнінен «Қазақстан кітапханаларының  ақпараттық ресурстары» тақырыбында 6В03201 - Кітапхана ісі білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттеріне ашық сабақ өткізді.

Толығырақ...  

салимат

6 қыркүйектен 31 қазанға дейін ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары: С. Т. Тұяқова, әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі, Г. С. Енсебаева, қорларды сақтау қызметінің жетекшісі, Д. О. Нұрмұхамбетова, сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жоғары дәрежелі жоғары деңгейлі маманы, Ресей мемлекеттік кітапханасы ұйымдастырған «Кітапхана қорын сақтау негіздері» (46 академиялық сағат), «Кітапхана қорының қауіпсіздігі» (62 академиялық сағат) бағыттары бойынша біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының цикліне онлайн форматта қатысты.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024