+7 (727) 267-28-83

ФА

20 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры мен қызметкерлерінің қатысуымен Башқұртстан Республикасының Ахмет-Заки Валиди атындағы Ұлттық кітапханасының құрылғанына 185 жыл толуына орай, Уфа қаласында онлайн-режимде "Аймақтың мәдени кеңістігіндегі кітапхана: дәстүрлер мен инновациялар" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Толығырақ...  

караганда

19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.К.Бекпулатова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің кітапханашысы Н.Т.Матаевалар «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұйымдастырған «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» тақырыбындағы ZOOM платформасында өткен семинарға қатысты.

Толығырақ...  

Безымянный15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова Екатеринбург қ. (Ресей) өткен «Этносаралық қатынастарды үйлестіру және ұлттық мәдениеттерді дамыту: кітапханалардың оң тәжірибесі» атты онлайн форматтағы Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Толығырақ...  

kr

9 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы Қырым Алтынбековтің "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялау зертханасымен бірлесіп жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайының Тарих және археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Лұқпанова Яна Амангелдіқызымен кездесуі өтті.

Толығырақ...  

Пушкин

8 сәуірде А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 125 жылдық мерейтойына арналған «Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар» атты халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Толығырақ...  

rfsverfyҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында қазақтың тұңғыш кәсіби балуаны, цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Күш атасы - Қажымұқан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

БШ

5-9 сәуір аралығында қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің қызметкерлері Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) қолдауымен Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК) және Еуразия Кітапханалық Қауымдастығы (БАЕ) өткізетін жыл сайынғы «Құжаттарды қалпына келтіру: консерватизм және инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысады.

Толығырақ...  

100 жаңа есім

Қазақстан Республикасы Ұлтық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІV маусымының қатысушысы.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа қол жеткізген әр түрлі өңірлерден, әр түрлі жастағы және әр этнос өкілдерінен шыққан нақты адамдардың тарихы.

Құрметті оқырмандар, кітап сүйер қауым! Кітап әлемінің қамқоршысы болып жүрген кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспановаға қолдау көрсетейік.

Толығырақ:

https://100janaesim.ruh.kz/.../%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%B0... 

 

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024