+7 (727) 267-28-83

19.04.2024

Название:
19 сәуір, сағат 11.00-де «Нұрболат Масановтың тарихи және қоғамдық-саяси ойды қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді
Дата:
19.04.2024
Расположение:

Описание

2024 жылғы 19 сәуір, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында профессор, тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы, қоғам қайраткері Масанов Нұрболат Едігеұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Нұрболат Масановтың тарихи және қоғамдық-саяси ойды қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Масанов Нұрболат Едігеұлы – қазақтың көшпелі өндіріс тәсілін, қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуын, қазақ халқының этногенезін зерттеуге жаңа экологиялық-тарихи көзқарасты негіздеп, көшпенділік теориясына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым-этнограф, тарихшы. Ол қазақтардың «көшпелі өркениеті» ұғымын сипаттап, Қазақстанда жаңа саяси ғылымның қалыптасуының бастауында тұрды. Оның ғылыми көзқарасы мен белсенді азаматтық ұстанымы қазіргі Қазақстанның танымдық және саяси мәдениетінің қалыптасуына тың серпін берді.

Дөңгелек үстел барысында Н.Масановтың ХХ-шы ғасырдың соңы мен ХХІ-ғасырдың басындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігі болған мәселелер, оның ғылыми қызметі, азаматтық ұстанымы мен Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне енуі талқыланады деп күтілуде.

Сондай-ақ, шара аясында Н. Масановтың француз тілінде Орталық Азияны зерттеу институты (IFEAC) дайындаған «Қазақтардың көшпелі өркениеті» кітабының тұсауы кесілмек.

Қатысушылар: тарихшылар, этнографтар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері және т.б.

Кітап шоу - 2024