+7 (727) 267-28-83

23.04.2024

Название:
23 сәуір, сағат 10.00-де Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі өтеді
Дата:
23.04.2024
Расположение:

Описание

2024 жылғы 23 сәуір, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты - оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыру.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін мерекелеумен, еліміздегі адами капиталды сақтау мен арттырудағы кітаптың маңызды рөлін мойындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқуға айрықша көңіл бөліп келеді. Ағымдағы жылы Атырау қ. өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент кітаптың маңыздылығын: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек»,- деп тағы да атап өтті.

 

Кітап мерекесі аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар:

  • қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері, халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Шәкен Айманов - Қазақ киносының атасы» еске алу кеші;
  • Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі (Алматы қ.) ресей жазушыларының қатысуымен өткізетін «Эстетика межкультурного диалога» интерактивті іс-шарасы;
  • «Сырлы сөз сиқыры» мәнерлеп көркемсөз оқу бойынша шеберлік сабағы;
  • «Қазақстан - Иран: «Наурызнама» мәдениеттер үндестігі» әдеби-тақырыптық кеші (Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы);
  • OpenPlace USW – Қазақстандағы жазушылар қоғамдастығы (авторлармен, тәуелсіз театрлармен интерактивті танысу алаңы және кітап алмасу);
  • Ильдар Халитовтың «Казахстанские метеориты» ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері;
  • жетекші қазақстандық баспалардың кітап жәрмеңкесі;
  • сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі.

 

Біздің серіктестеріміз:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы;
  • Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы;
  • ­Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігі (Алматы қ.);
  • Қазақстан кинематографистер Одағы;
  • USW – Қазақстандағы жазушылар қоғамдастығы;
  • «Qazaq kitaby», «Liber», «TURAN» баспалары.

 

Бізбен бірге әдеби іс-шараның атмосферасын тамашалауға шақырамыз!

Кітап шоу - 2024